ЖСДП Құрылтай сайлауына түсетін 33 кандидатты ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Астанада өткен кезектен тыс XXV съезінде Құрылтай сайлауына ұсынатын кандидаттарының партиялық тізімін бекітті.
Партия төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, алдағы сайлауда партия кемінде 10 пайыз дауыс жинауды мақсат етіп отыр. Оның сөзінше, бұл ЖСДП үшін жақсы нәтиже болмақ.
ЖСДП бекіткен партиялық тізімге барлығы 33 кандидат енді. Олардың қатарында өңірлік филиалдардың төрағалары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, жастар және әйелдер қанатының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен үкіметтік емес сектор мүшелері бар.
ЖСДП атынан Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар:
- Анаргүл Әбенова – Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы.
- Аружан Аленова – Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.
- Ару Алшынбай – Ақмола облыстық филиалы әйелдер қанатының жетекшісі.
- Максим Андрюшин – партия төрағасының кеңесшісі.
- Арман Ақылбай – партия мүшесі.
- Нұрлан Әубәкіров – Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.
- Раушан Әубәкірова – Астана қалалық филиалы әйелдер қанатының жетекшісі.
- Нұрлан Әуесбаев – ЖСДП президиумының мүшесі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.
- Еркін Әбдиев – Жамбыл облыстық филиалы жастар қанатының жетекшісі.
- Қамбар Байкенов – Алматы облыстық филиалының мүшесі.
- Сапарбай Бұғабаев – Түркістан облыстық филиалының төрағасы.
- Ержан Дәуренбеков – Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.
- Дамир Джаканов – Қостанай облыстық филиалының төрағасы.
- Роза Жүсіпова – Павлодар облыстық филиалының төрайымы.
- Нұрлан Жабаев – ЖСДП орталық аппаратының атқарушы хатшысы.
- Ілияс Жанғали – Ақмола облыстық филиалының төрағасы.
- Виктор Калгин – Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.
- Нұрайнаш Камалова – Атырау облыстық филиалының төрайымы.
- Аслан Құлмағамбетов – ЖСДП-ның Астана қалалық филиалының талдаушысы.
- Анар Құсайынова – партия мүшесі.
- Лариса Ли – PANA партиялық жобасының жетекшісі.
- Жасұлан Мұқаманов – Жетісу облыстық филиалының төрағасы.
- Сәкен Мыңбаев – Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.
- Мақсұт Насибулов – орталық аппараттың басшысы, ЖСДП жастар қанатының төрағасы.
- Нұрия Балтабайқызы – AUTISM KAZAKHSTAN ұлттық қауымдастығының төрайымы.
- Қуандық Нұржау – Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.
- Нұрым Нұрлыбеков – Алматы облыстық филиалының төрағасы.
- Асхат Рахымжанов – ЖСДП төрағасы, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.
- Ажар Сағандықова – ЖСДП президиумының мүшесі, әйелдер қанатының жетекшісі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.
- Наурыз Сайлаубай – ЖСДП президиумының мүшесі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.
- Тазабек Самбетбай – партия төрағасының идеология жөніндегі орынбасары.
- Рүстем Сарманов – Абай облыстық филиалының төрағасы.
- Талғат Тәтіков – Астана қалалық филиалының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және МИБ мәселелері жөніндегі сарапшысы.
Осыған дейін ЖСДП ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаровқа қатысты ішкі тексеру басталғанын мәлімдеген болатын. Оған фермерлер мен үлескерлерден түскен шағым себеп болған.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін өзге саяси партиялар да бекітті. Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 69 кандидатты ұсынды. Ақ жол демократиялық партиясы 63 кандидатты жарияласа, Қазақстанның Халық партиясы 72 кандидаттың тізімін бекітті. Ал Respublica партиясы сайлауға 76 кандидат ұсынды.