Ақтауда дәмханада отырған ер адамды бетінен атып кетті
Жарияланды

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде ер адамға оқ атылды. Оқиға 8 шілдеге қараған түні шамамен сағат 01:00-де болған.
Halyqstan ақпаратына қарағанда, оқ атылған сәт дәмхананың камераларына түсіп қалған.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды.
Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайы мен күдіктінің әрекетіне берілетін құқықтық баға әзірге жарияланған жоқ.
Айта кететін жайт, Өскеменде екі мас адам полиция қызметкерін атып кеткен еді.