Астана полициясы Данияр Елеусіновті ұстаған сәттің видеосын көрсетті

Астана қалалық полиция департаменті жол апатына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен Toyota Land Cruiser жүргізушісін ұстау сәтінің видеосын жариялады. Кейіннен рульде бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің болғаны анықталды.
Видеода полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтатқан сәті және жүргізушіні машинадан қалай шығарып алғаны тіркелген. Сондай-ақ кадрда соқтығысу салдарынан зақымдалған басқа автокөліктер, жауап алу сәттері мен сот отырысы көрсетілген. Бейнеролик Елеусіновті тергеу изоляторына (СИЗО) алып бара жатқан кадрлармен аяқталады.
Елеусіновке қатысты көлікті мас болып басқарып, көлік құралдарының зақымдалуына әкеп соққаны, сондай-ақ ЖКО-ға байланысты міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік материалдар жиналды.
Айта кетейік, осыған дейін сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.