Мадонна, Шакира, Бибер және BTS Әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді
Жарияланды

ФИФА мен Global Citizen ұйымы футбол тарихында тұңғыш рет өтетін Әлем чемпионаты финалдық матчының үзіліс шоуында (Halftime Show) өнер көрсететін әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың есімін жариялады. 2026 жылдың 19 шілдесінде «Нью-Йорк Нью-Джерси» стадионында өтетін финалдық ойынның бас хедлайнерлері – Шакира, BTS тобы, Мадонна және Джастин Бибер.
Сонымен қатар, бұл ауқымды шоуға африкалық жұлдыз Burna Boy, белгілі дирижер Густаво Дудамель және PS 22 Chorus балалар хоры қатысады.
Бұл ауқымды концерт футбол тарихында алғаш рет матчтың үзілісі кезінде 30 минутқа созылатын бірегей шоу болмақ.
Еске сала кетейік, Әлем чемпионатының финалы 19 шілде күні өтеді. Ал, бүгін 9 шілде күні ширек финал ойындары басталады.