Мәдира Жұмақан мен Ақнұр Тұрсынғали бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына шықты

Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында U19 жас санатындағы ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды ҰОК.
Күндізгі сессияда U19 жас санатындағы ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Кездесулер қорытындысы бойынша Мәдира Жұмақан (48 килограмға дейін) техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Жадыра Қалтай (51 килограмға дейін) мен Марал Төлепберген (54 килограмға дейін) турнирдегі өнерлерін аяқтады.
Кешкі сессияда Ақнұр Тұрсынғали (57 килограмға дейін) өз жекпе-жегінде жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін бақ сынайды. Жасмин Абрамян (60 килограмға дейін) мен Алтынгүл Аймұхан (75 килограмға дейін) жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, U19 жас санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер 13 шілдеде өтеді.