
Әнші Меруерт Түсіпбаева 13 жасында суға кетіп, өлім аузында жатып, құдайға тіл қатқанын айтып берді.
Айтуынша, сол оқиғадан кейін суға түсуден қатты қорқып қалған. Енді ғана бұл қорқынышын жеңуге ұмтылып жатыр.
«Достар! Қандай қорқыныштарыңыз бар? Жеңдіңіздер ме? Мен 13 жасымда көлге батып, судың астында жатып, су астындағы шөптердің арасында сасық суды әбден жұтып, тұншығып жатып: «О, құдай! Мені неге сонша ерте әкетіп барасың? Сонда менің әнші боламын деген арманым қайда?» – деген ой келген… 40 жыл өткенде, алдыма мақсат қойып, қорқынышымды жеңдім», – деп жазды әнші.
Меруерт Түсіпбаева қазір фобиядан арылу үшін төртінші рет бассейнге келіп, жүзуді үйреніп жүр.
Айта кететін жайт, әншінің ашық сұхбатынан кейін кейбір әншілер онымен амандаспай қалған.