Оралда тоғыз қабатты үй өртеніп, 16 адам құтқарылды
Жарияланды

Орал қаласы Самал көшесінде тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
ТЖМ ақпаратына қарағанда, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде алтыншы қабаттағы баспалдақ алаңында жеке заттардың жанғаны анықталды.
«Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, 15 тұрғын, оның ішінде 3 бала эвакуациялады. Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ақпаратта.
Айта кететін жайт, биыл 3 маусымда Астана қаласында 13 қабатты тұрғын үй өртенді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында ашық жалын сөндірілген еді.