Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына соттауды сұрады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
атырау
Қылмыстық істе жарыссөз басталды/Youtube-канал KURSIV MEDIA KZ , бильд-редактор: Дастан Шанай

Атырау сотында прокурор Мирас Бауыржанов төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сондай-ақ сотталушыны жазасын өтеуге қауіпсіздігі төтенше мекемеге жіберуді сұрап отыр.

Қылмыстық істегі мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржановтың айтуынша, бұл тұтас бір әулетті жоқ қылған, қоғамның жүрегіне жара салған резонанс іс. 

«Сәрсемәлиевтің әрекеті бір отбасының төрт мүшесінің өмірін қиды. Сот талқылауы барысында барлық дәлел толық зерттелді. Бұл істе ерекше назар аударатын жайттың бірі   сотталушының осы әулеттің күйеу баласы болғаны. Қайтыс болған кісілер оған сенім артты. Сотталушы өзіне сенім білдерген адамдардың өміріне қол сұқты», – деді прокурор.

Айта кетейік, сот барысында Жанегелдин ауылында сарай ішіндегі кереуеттің астындағы қара жерді 1 метр 30 см етіп қазып, екі мәйітті сол жерге көміп, бетіне линолеум төсегені айтылды.

Ал Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның сүйегінен тереңдігі 10-18 сантиметр жарақат ізі анықталған.

Атыраудағы жұмбақ өлім

2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы іс-түссіз жоғалған бір отбасының 4 адамына іздеу жариялады. Кейінірек полиция олардан бөлек осы отбасының қызы мен күйеу баласы да жоғалғанын мәлімдеді.

Оларды іздеу барысында ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі өздері тұрған үй аумағынан табылды. Істе бастапқыда отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікті деп танылды. Ал оның әйелі (жоғалған отбасының кенжесі – ред.) Ақбаян Мұқанғалиеваға хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша іздеу жарияланды

Полицияның хабарлауынша, бұрынғы ерлі-зайыпты Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Куала-Лумпурдан (Малайзия) Бали аралына барған. Содан кейін Ломбок аралына көшіп, ұсталғанға дейін сонда тұрған. 

Сондай-ақ оқыңыз