
Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы желідегі оқырмандарына су жаңа көлігін көрсетті. Бойжеткен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына үлкен қызыл бант тағылған, көк түсті сәнді темір тұлпардың алдында түскен суретін жариялады. Ол бұл бағалы сыйлық үшін анасына алғыс айтып, «Рахмет, Мама» деп жазба қалдырған.
Бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқан «3 қуаныш, 1 той» деген атаумен үш баласының тойын дүркіретіп өткізген еді. Дәл осы айтулы кеште Мөлдір Мұқанова жоғары оқу орнын сәтті аяқтаған үлкен қызы Әдеміге ерекше сыйлық дайындап, «Audi A7» маркалы су жаңа көліктің кілтін табыстаған еді.