
Ұлттық банк Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасын 10 шілдеде интернет-дүкенде сата бастайтынын жариялады.
Монетаның өзі күмістен дайындалғанымен, оның бетіне алтын жалатылған. Массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм. Дайындау сапасы – proof.
Номиналы – 1000 теңгелік монета 1 мың данамен таралады.
2026 жылы Қазақстан парламентіне 30 жыл толды. Ол заң шығару функцияларын жүзеге асыратын елдің ең жоғары өкілді органы.
Монетаның реверсінде Сенат пен Мәжіліс ғимараттары бейнеленген. Монетаның бейнесінде мәжіліс залының орталығынан көрініс беретін едендегі ою-өрнек композициясының элементі пайдаланылды. Монетаның төменгі бөлігінде Парламенттің құрылған жылы және мерейтой датасының жылы бейнеленген.
Бұған дейін Ұлттық банк Ермек Серкебаев құрметіне монета шығараған.