Жаңалықтар

«Жасыл даму» орман өртінің алдын алуға 16 млрд теңге бөлді

фото: ТЖМ

Қазақстанда орман қоры мен ұлттық парктерді цифрландыру жобасы басталды. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ жобаға 16,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлген.

Жоба Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Оның аясында еліміздің бірнеше өңіріне өртті ерте анықтайтын заманауи ЕАЖ-1 жүйесінің 14 кешені жеткізілді.

Орман өрттерінен қорғауға бөлінген қаржы

«Жасыл даму» АҚ орман өрттерінен қорғауға
бөлінген қаржы өңірлерге үлестірілді

Жалпы сома
16,92 млрд теңге
Облыс Сома (теңге) %
Ақмола облысы4 838 441 45028.6%
Алматы облысы3 337 277 30419.7%
Қарағанды облысы3 043 492 74718.0%
Түркістан облысы1 661 830 6399.8%
Шығыс Қазақстан облысы1 635 428 1789.7%
Қостанай облысы1 354 086 8008.0%
Павлодар облысы1 045 995 5896.2%

Бөлінген қаражат тек техника сатып алуға емес, қорғалатын аумақтарды тәулік бойы бақылайтын бірыңғай бағдарламалық-техникалық жүйені құруға жұмсалады. Ол жүйе алғашқы түтінді, жану өнімдерін және температураның көтерілуін автоматты түрде тіркейді. Қауіп анықталса, дабыл бірнеше секундта диспетчерлік пунктіге жолданады. Сондай-ақ, жекелеген нысандарға шолу үшін бұрышы кең, автоматтандырылған заманауи камералар орнатылды.

Еске салайық, осыдан төрт жыл бұрын елдің шығысы мен солтүстігінде алапат өрт болып, Қостанай мен Семейдегі ормандар отқа оранды. Кейін Қостанай орманындағы ағаштың 38%-ы аукцион арқылы сатылды.