Lifestyle

Жұлдыз Әбдікәрімова әлі күнге дейін қуыршақ ойнайтынын айтты

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial, бильд-редактор: Милош Муратовский
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қайрат Нұртастың әйелі, танымал актриса Жұлдыз Әдікәрімова қызы Сезім шетелден қандай сыйлық әкелгенін көрсетті.

Ол – қуыршақтар. Актриса ойыншықтарды көріп, балаша қуанды.

«Мамасының тұла бойы тұңғышы келді. Сезеканың маған әкелген сыйлығы. Мен қуыршақты өте қатты жақсы көремін. Оны менің қыздарым біледі. Анда-санда қуыршақ ойнайтыным бар енді», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сезім анасына қыз балалар қатты ұнататын «Мұзды өлке» мультфиьміндегі кейіпкерлердің қуыршағын тарту еткен. Актрисаға сыйлық қатты ұнады. Ол дереу қуыршақтарымен ойнап кетті.

Оларды қыздарының есімімен атай бастады. Мәселен, Эльза қуыршағы – Сезім,  Анна – Алау, аққала – Рабия Сұлтан.

Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімова айнадағы бейнесімен сөйлесетінін, бейненің сөзіне құлақ түргенін айтқан еді.