«Әділет» партиясының қатарына қосылу үшін қанша жарна төлеу керек

Бүгін «Әділет» партиясының ІІІ кезектен тыс съезі өтіп, делегаттар ай сайын төленетін мүшелік жарна көлемін бекітті.
Қабылданған шешімге сәйкес, партия мүшелері үшін ай сайынғы мүшелік жарна айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 0,1 бөлігіне тең болады. Биыл бір АЕК – 4325 теңге, демек бір айлық жарна көлемі – 432,5 теңге. Дегенмен партия мүшесі қалауына қарай бұдан көп мөлшерде жарна төлей алады.
Ал жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен тыңдаушылары үшін мүшелік жарна көлемі айына 0,01 АЕК деңгейінде бекітілді. Бұл – 43,25 теңге. Олар да өз қалауы бойынша көбірек сома құя алады.
Зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, бала күтіміне байланысты демалыстағы азаматтар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдері мүшелік жарна төлеуден босатылды.
Айта кетейік, съезде «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына түсетін кандидаттар тізімін бекітті. Олардың жиырмасы – AMANAT партиясының атынан Мәжілісте отырған депутаттар.