«Өрлеу» орталығы табыс табудың орнына 438 млн теңге шығынға батқан

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
тенге
Министрік АҚ жұмысын тексерді / Фото: Shutterstock

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» табыс табудың орнына 437,6 млн теңге шығынға батқан. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі жүргізген аудит барысында мәлім болды.

Тексеру акционерлік қоғамның 2024 жылдың 1 шілдесі мен 2026 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықты қамтыған.

2025 жылы ұлттық орталық 2,3 млрд теңге табуды жоспарлаған. Алайда нақты түскен кіріс 1,4 млрд теңге ғана болған. Яғни жоспарланған кірістің 860,5 млн теңгесі түспеген.

2025 жылдың қорытындысы бойынша АҚ пайда таппаған, керісінше 437,6 млн теңге шығынға батқан.

АҚ-ның қаржылық жағдайы кейінгі жылдары нашарлаған:

  • 2023 жылы ұлттық орталық 821 млн теңге пайда тапқан.
  • 2024 жылы пайда 5,3 млн теңгеге дейін азайған.
  • 2025 жылы алдын ала дерек бойынша орталық 437 млн теңге шығынға шыққан.
  • Яғни 2023 жылмен салыстырғанда орталықтың қаржылық жағдайы шамамен 1,25 млрд теңгеге нашарлаған.

Айта кетейік, аудит қорытындысы бойынша жалпы 576,6 млн теңгеге заң бұзу фактісі анықталған. Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 4 материал жолданды.

Министрлік бұған дейін Алматыдағы «Абай ұлттық мектебінің» жұмысын тексерді. Аудит барысында 10,4 млрд теңгеге қатысты заң бұзу анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз