Рики Мартиннің концерті өтетін орын ауысты

Әнші Рики Мартиннің концерті Алматыдағы «Спартак» стадионында емес Республика сарайында өтеді. Бұл өзгеріс жайлы Freedom Ticketon сайтында жазылған.
Концерт өтетін уақыт, билет бағасы өзгерген жоқ, тек локациясы ауысты. Оған не себеп болғаны белгісіз. Бірақ бұл жағдай әншінің жанкүйерлеріне ұнай қоймаған секілді. Көпшілігі стадионда еркін билеп, ән айтуды жоспарлағанын айтады. Ал Республика сарайында ондай фан-зона орын қарастырылмаған.
«Біз «Шаншар» концертін көру үшін емес билеу үшін сатып алдық қой билетті. Не сұмдық мынау!», – деп жазады желі қолданушылары.
Рики Мартиннің әлемдік туры аясындағы концерті 18 шілдеде өтеді. Ол шоуда «Livin’ la Vida Loca», «Maria», «She Bangs» және «Nobody Wants to Be Lonely» сияқты ең танымал хиттерін орындамақшы.