ҰҚК Атырау әкімі орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
ҰҚК Атырау әкімі орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растады / Фото: gov.kz

Атырау бұрынғы әкімінің орынбасары әрі біраз уақыт міндетін атқарушы болған Тілек Махуовтың ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргіхзіліп жатыр. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК «ҚазАқпарат» басылымына берген жауабында.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде шенеунік 100 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Таралған мәліметтер бойынша, ақша Атыраудың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу жобасына қатысатын компанияның мүддесі үшін өзгерістер енгізуге көмектескені үшін берілген. Құқық қорғау органдары бұл мәліметтерді әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз