«Ұсыныстар болды»: Ермұрат Бапи партиялардың тізіміне енбеу себебін түсіндірді

Жарияланды
Қазақ редакциясының шеф-редакторы
Фото: abai.kz

Елдегі саяси партиялар алдағы құрылтай сайлауы қарсаңында кандидаттар тізімін жариялап болды. Соңғы болып тізімді бүгін «Әділет» партиясы бекітті.

Тізімге мәжіліс сапында депутат болғандардың көбі енбей қалған. Олардың арасында бұрынғы аманаттықтар да, бір мандаттық округтен сайланған депутаттар да бар.

Kursiv.Media өткен сегізінші шақырылымда белсенділігімен көзге түссе де ешбір партияның тізіміне енбеген Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Мақсат Толықбай, Еділ Жаңбыршин сияқты экс-депутаттарға хабарласып көрген. Олардың бірі тұтқаны көтермесе, бірінің нөмірі сөніп тұрды. Тек Ермұрат Бапимен сөйлесудің сәті түсті.

«Қайтсем де кіруім керек деген позиция болмады»

VIII шақырылымға бір мандаттық округтен барған Ермұрат Бапи «Әділетке» шақыру алмағанын айтты. Ол мұны партия құрамының орта жасымен байланыстырады.

«Ұсынылған тізімге қарасаңыз, кандидаттардың ең үлкені 60 жаста екенін көресіз. Бұл жаңа саяси күш жас, орта буын өкілдерінен құрылатынға ұқсайды», – дейді ол.

Экс-депутат қайтадан парламентке «қайтсем де кіруім керек» деп бар дәрменін салып ұмтылмағанын, өзге партиялардан ұсыныс түссе де қабылдамағанын атап өтті.

Ендігі әрекеті мен жоспарын елеп-екшеп жатқанын, жұмысы көп екенін жеткізді.

«Даттың 30 жылдық мерейтойы келе жатыр, соны лайықты деңгейде атап өту керек. Адам ретінде жоспарымыз көп қой», – дейді Ермұрат Бапи.

«Әділет» партиясының съезінен кейін өткен брифингте Саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжехан экс-депутаттар Бақытжан Базарбек пен Абзал Құспан неге «Әділет» партиясына қосылмады деген сұраққа жауап берген.

Сондай-ақ оқыңыз