Lifestyle

«Жылаңқылар жиыны»: Тағдырға налып, көз жасыңды сығып алуға болатын басқосу өтеді

Фото: Делия Айдаралиева, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматыда әр қатысушыға ішіндегісін тарқатып, өміріне шағым айтуға мүмкіндік беретін кездесу өтеді.

Ұйымдастырушылар 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 9 шілде күні сағат 19:00-де Сайран көлінің маңына шақырады. Кездесуді Азат есімді алматылық тұрғын ұйымдастырған. Өтетін орын ретінде Абай даңғылынан сәл төменірек, көлдің жоғарғы бөлігіндегі көпір таңдалған.

«Бір-бірімізді тыңдаймыз, ішіміздегіні шығарамыз, күлеміз немесе жай ғана үндемей отырамыз. Тіпті жай қасында болу үшін де адамға адам керек», – делінген хабарландыруда.

“Жылаңқылар жиынына» қатысушыларға төсеніш немесе жиналмалы орындық, жылы киім мен айтқысы келетін оқиғасын ала келуге кеңес беріледі. Ыстық шай да артық етпейді.

Пікірлерге қарағанда, идея алматылықтардың көңілінен шығып үлгерген. Желі қолданушылары ұйымдастырушыларға осындай бастама үшін алғыс айтып, кездесудің жаңа форматтарын ұсынып жатыр.

Оқи отырыңыз: Адамдар неге дұрыс демала алмайды