Lifestyle

Джеки Чан Қазақстандағы «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне кірісті

фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанға келіп, «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне кірісті.

«Kaspi.kz және Sәlem Entertainment компаниясы, сондай осы іске барынша еңбек сіңірген режиссерлерге алғыс айтқым келеді. Фильм түсіріліміне кіріскенше асықпын. Түсірілім – нағыз сынақ, бірақ соған қарамастан үлкен рахат аламын. Баршаларыңызды жақсы көремін», – деді ол

Актермен кездесуге Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушының бірі Михаил Ломтадзе келіп, Джеки Чанға Kaspi Gold тарту етті.

«Құдай сауыты» алғаш рет 1986 жылы Жапонияда жарық көрді. Сол уақыттан бері төрт фильмі шығып, шытырман жанрындағы танымал франшизаға айналды. Бесінші, жаңа картинада да бұрынғы фильмдердегі оқиға желісі сақталады, ал Джеки Чан басты рөлде ойнайды.

Фильм түсірілімі Маңғыстауда және Қаскелеңде өтеді. Жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асырып жатыр. Түсірілім жұмыстары биыл аяқталып, ал фильм 2027 жылы ақпанда прокатқа шығады деген жоспар бар.