Әлиев Қазақстан мен Әзербайжан қарым-қатынасын дамытудағы Тоқаевтың рөлін атап өтті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке іс-қимылы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол IV Шуша жаһандық медиафорумында айтты.
Әлиев Қазақстанға Қарабақты қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін алғыс айтып, көшбасшылардың тығыз іс-қимылы көлік, энергетика және цифрлық салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті.
Мұндай жобалардың қатарында Әзербайжан президенті Орта дәлізді дамытуды, Каспий теңізінің түбімен энергетикалық және талшықты-оптикалық кабельдерді тартуды, сондай-ақ Әзербайжан аумағы арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдауды атады.
Айта кетейік, мамыр айында Түркі дүниесінің көшбасшылары Түркістанда бас қосып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат еткен еді.