Алматыда бес күнге жарық өшеді
Жарияланды

Осы аптада Алматының бірқатар аудандарында жарық өшеді. Бұл туралы «Алатау жарық компаниясы» хабарлады.
Жарық 13-17 шілде аралығында таңертең 9:00-ден 17:00-ге дейін болмайды. Оған қаладағы тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу себеп болып отыр. Электр жарығы тұрғын үйден бөлек балабақша мен мектептерде, мемлекеттік мекемелерде де өшіріледі.
Жарық өшірілетін аудандардың толық тізімін мына жерден көруге болады.
Айта кету керек, Астананың бірқатар көшелерінде де 18 тамызға электр энергиясы болмайды. Тізімін мына жерден біле аласыз.