ФИФА чемпионатқа қатысатын елдер санын 64-ке дейін көбейтуі мүмкін

ФИФА басшысы Джанни Инфантино әлем чемпионатындағы командалар санын 64-ке дейін көбейтуді ұсынды. Оның түсіндіруінше, мундиальда бақ сынау мүмкіндігі бүкіл әлем құрамаларына берілуі тиіс.
Инфантиноның бастамасы күтпеген жағдай болды, өйткені биылғы әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет бұрынғы 32 команданың орнына 48 құраманың қатысуымен өтіп жатыр. Жаңа формат турнир басталуына аз уақыт қалғанда бекітілген.
Инфантиноның пікірінше, қатысушылар санының артуы өзін-өзі ақтады.
«Жалпы алғанда, командалардың деңгейі өте жоғары екені байқалады», – деді ФИФА басшысы.
Ол сондай-ақ қатысушылар санының көбеюі өзге елдерге де ұлттық құрамаларын дамытуға мотивация беретінін атап өтті.
Турнирдің 48 қатысушыға дейін кеңеюі 1/16 финал кезеңінің пайда болуына алып келді. Ал матчтардың жалпы саны 104-ке жетті, бұл әлем чемпионаттары тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып саналады.
Тағы да оқыңыз: Роналду әсер етті: Әлем чемпионатының билеттері күрт арзандады