Таиланд астанасында паб өртеніп, 27 адам қаза тапты

Бангкок қаласында Rong Beer Na Lat Phrao пабы өртеніп, кем дегенде 27 адам қаза тапты. Тағы 60-тан астам адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиға жексенбі, 12 шілде күні түн жарымында болған. Әлеуметтік желілерде таралған видеолардан түтіндеп жатқан ғимараттан адамдардың айқайлап шығып жатқанын көруге болады.
13 шілде, дүйсенбі күні ресми тұлғалар өрттен 27 адамның қаза тапқанын, ондағам адам жараланғанын хабарлады.
«Біз 27 адамның денесін таптық, қалғандары ауруханаға жөнелтіліп жатыр», – деп мәлімдеген дүйсенбі күні таңертең премьер-министр Анутин Чарнвиракул.
Ол оқиға орнында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кондиционерде тоқтың тұйықталуынан шыққан. Адамдар өртенген ғимараттан қосалқы есіктер арқылы шыға алмай қалған. Тағы 63 адамның зардап шеккені, 22 адамның жағдайы мүшкіл екені айтылды.
Өртенген паб Бангкоктың адам көп жүретін солтүстік ауданында орналасқан. Осы ауданда демалыс күндері жұмыс істейтін Чатучак базарына шетел туристері жиі барады.
Тақырыпқа орай: Астанада қоқыс полигонындағы өрт үш тәуліктен соң сөндірілді