
Блогер Диана Қырықбай бала туғаны үшін ер-азаматынан 100 млн теңге немесе Гелендваген сұрап жатқан әйелдерге қатысты ойын айтты.
Оның айтуынша, мұндай талапты кез келген әйелдің қоюы дұрыс емес.
«100 млн теңге бересің немесе Гелендваген алып бересің. Сонда ғана мен саған бала туып беремін» деген әңгімені естіген шығарсыздар. Маған он қыз хабарлама жіберді. Мен осы әңгімені қозғағым келіп жатыр», – деді Диана Қырықбай.
Оның пікірінше, бұл әңгімені танымал блогер айтқан. Өзі де блогер болғандықтан, бұл мәселеге қатысты пікір білдіргісі келген.
«Қыздар, видео көрген кезде «бұл әңгіме маған келе ме, келмей ме» деген сұрақты өздеріңізге қою керексіздер. Сәния жасының 39-да екенін, бұрын тұрмыста болғанын, баласы бар екенін, енді бала туғысы келмейтінін алдын ала айтып өтті. Ер-азамат балалы болғысы келсе, 100 млн теңге немесе Гелендваген секілді шарттары бар екенін жеткізді», – дейді блогер.
Диана Қырықбай 40 жасар әйел ретінде Сәнияға түсіністікпен қарайтынын жеткізді. Себебі ол бұрын тұрмыста болған. Бала-шағасы бар. Жағдайы жақсы.
«Ол кез келген талап қоя алады. Талабы орындалмаса, жалғыз тұра алады. Бірақ бұл шарттар жас қыздарға қатысы жоқ. Сіз өзіңіздің сүйіктіңізге мұндай қаржылық мәліме қоя алмайсыз», – деді блогер.
Мұның алдында Диана Қырықбай жамандық жасаған адамдарға шын ниетпен жақсылық тілеу керек екенін айтқан болатын.