Жаркентте оқушы мектеп аумағында тоққа түсіп қайтыс болды

Жетісу облысы Жаркент қаласындағы мектептердің бірінде тоқ соғып, қайтыс болған мектеп оқушысының өліміне қатысты ергеу жүргізілуде. Бұл туралы аймақтық полиция департаментінен хабарлады.
«24KZ» телеарнасының ақпаратына сүйенсек, 9 жасар қыз бала оқу орнының ауласындағы құлыпталмаған трансформаторлық қосалқы станцияға кедергісіз кіріп кеткен.
Тоқ соққаннан кейін бала жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне шұғыл жеткізілді. Қызды аман алып қалу мүмкін болмады.
Кәмелетке толмаған баланың өлімі дерегі бойынша тергеу басталды. Полиция қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізіп жатыр. Объектіні пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі анықталуда», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдардың мекенжайына жазатайым оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы нұсқама жіберілді.
Полиция тергеу барысы Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін қосып өтті.
Айта кетейік осыған дейін Маңғыстау облысында полиция 12 жасар баланың өлімін тергеп жатқаны туралы жазған едік.