Lifestyle

«Жүрегім тарсылдап тұр»: Айгүл Иманбаеваға жасалатын ота кейінге қалдырылды

instagram.com/aigul_imanbayeva, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жасалуы тиіс отаның кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

Оның себебі медициналық талдаулары жақсы нәтиже көрсетпеген.

«Мен бүгін жоспарлы отаға жатуым керек еді. Жата алмай қалдым. Себебі, менің кейбір талдауларым дұрыс болмай, дәрігерлерім қайта тапсыруға жіберді. Анестезиологым да, хирургым да», – деді актриса.

Айгүл Иманбаева дәрігерлерінің біліктілігіне, ісіне деген жауапкершілігіне ризашылық білдірді.

«Ол кісілердің жұмысы маған ұнады. Соншалықты нашар емес, нормада болғанның өзінде де, өздері де, мен де сенімді болуым үшін қайта тапсыртып жатыр. Жауапкершілік, денсаулық және өмір деп айтты. Содан кейін қайта тапсырдым… Жүрегім тарсылдап тұр. Бәрі жақсы болса, ота жасатамын», – деді актриса.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, ол Алматыға ота жасату үшін келген. Бірақ кейін шегерілген соң, қазір дәмханалардың бірінде достарын күтіп отырғанына күле қарады.

Актриса әлдебіреулердің ұзақ уақыт қастандық жасап жүргенін айтқан болатын. Ауласынан тағы да дуаланған қуыршақ пен фотосуретін тапқанын көрсетті.