
Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова актер Азамат Сатыбалдымен түскен фотоларына қатысты пікір білдірді.
Актрисаның айтуынша, ол кешеден бері соңғы жазбаларын, ондағы фотолардың қызу талқыланып жатқанын көріп жүр. Сан түрлі пікір жазылып жатқаны шындық. Солардың ішінде ең қызығын тауып алып, жауап беруді ұйғарыпты.
«Кей оқырмен былай депті: «Сіз тұрмыстағы әйелсіз. Күйеуіңіз, балаларыңыз, ағайын-туыс қарап отырғанда, былай фотоға түсуге болмайды. Өзге ер адаммен сахнаға қалай шығасыз?» – деп сөгіпті. Енді жауап берейін. Бұл менің мамандығым. Мәселен сіз дәрігерсіз. Хирург. Сонда алдыңызға жаны қиналып, ота жасатуға келген науқасқа: «Кешіріңіз, мен тұрмыстағы адаммын. Күйеуім/әйелім бар. Өзге еркекке/әйелге ота жасамаймын дейсіз бе?» – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сонымен қатар, актриса бұқаралық ақпарат құралдарына да ескерту жасады. Жеке өмірі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беруі мүмкін екенін жеткізді.
Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімова әлі күнге дейін қуыршақ ойнайтынын жасырмай айтқан еді.