Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Абай облысында бойжеткенді пышақтап кеткен 20 жастағы жігіт ұсталды
Абай облысында бойжеткенді пышақтап кеткен 20 жастағы жігіт ұсталды / фото: shutterstock

Абай облысындағы Бородулиха ауылында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оның денесі бірнеше жерден пышақталған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінің маңынан қыздың мәйітін тауып алған.

«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында ауданның 20 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді өңірлік Полиция департаменті.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, күдікті мен қаза тапқан қыз таныс болған. Олардың арасында жеке араздық салдарынан жанжал туындаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда ер адам өгей әкесін пышақтап кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз