Астанада салынып жатқан ғимараттың шатыры өртенді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанада салынып жатқан ғимараттың шатыры өртенді / Фото: ТЖМ

Астанада салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың шатырында өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ.

Өрт Есіл ауданындағы Е-871 көшесінде болған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың ашық жанып жатқаны және қою қара түтін байқалды.

Өртті сөндіру үшін құтқарушылар автосатының көмегімен өрт сөндіру ұңғыларын бағыттады. Ашық жалын басылғаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері жасырын өрт ошақтарын болдырмау үшін конструкцияларды сулап, бөлшектеу жұмыстарын жүргізді.

Өрт сағат 17:55-те оқшауланып, сағат 18:06-да 150 шаршы метр алаңда толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін елорда маңындағы қоқыс полигоны өртенген. 9 шілдеде басталған өрт үш күн бойы сөндірілген. 12 шілдеде түсте тілсіз жаумен әлі алысып жатқаны айтылған. Дегенмен министрлік жексенбі күні кешкі сағат 21:29-да өрт толық сөндірілгенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз