Джеки Чан Маңғыстауға барып, фильм түсіріліміне кірісті

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Әйгілі актер Джеки Чан Алматыдан Маңғыстауға жетіп, фильмнің негізгі түсіріліміне кіріспекші. Облыс әкімдігі оны әуежайдан күтіп алған кездегі суреттерін жариялады.

Жұлдызды облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай күтіп алды. Джеки Чанға қымыз бен бауырсақтан дәм татқызды. Өз кезегінде актер жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Маңғыстаудың табиғи ландшафттары болашақ фильмнің ең көрнекті көріністерінің біріне айналатынын айтты.

«Құдай сауыты: Ультиматум» картинасының басты түсірілім орындарының бірі Бозжыра шатқалы болмақ. Ал осының алдында түсірілімдер Қаскелеңде де өткен.

Бұған дейін актер Алматыдағы Оқушылар сарайына арнайы ат басын бұрып, жасөспірімдермен және мектеп оқушыларымен кездескен еді. Актерге арнайы дайындалған қамшы да тарту етілді. Ал Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушының бірі Михаил Ломтадзе Джеки Чанға Kaspi Gold сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыз