Семейде екі бала суға батып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Семей қаласында Ертіс өзеніне екі бала батып кетті. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Нахаловка» ауданында болған.

Жасы 10 және 11-дегі екі бала суға жүзуге барған көрінеді. Бірақ құтқарушылар өзеннен олардың денесін алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Полиция қызметкерлері су айдындарында профилактикалық рейдтерді жалғастыруда. Су айдындарының жағасында ересектердің қарауынсыз жүрген балаларға және шомылуға арналмаған орындарға ерекше назар аударылады», – деп жазылған полиция ақпаратында.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларын су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға және олардың қайда, кіммен жүргенін үнемі бақылауда ұстауға шақырды.

Бұған дейін Ақмола облысында апалы-сіңлілі екі қыз көлікпен бірге суға батып кеткені хабарланған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз