
Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы жаңалығын бөлісті. Айтуынша, бірнеше қалада Қайрат Нұртастың шығармашылық кеші жоспарланып отыр.
Жұлдызды жұптар оған қызу дайындық жүріп жатқанын айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова әлдекіммен бейнеқоңыраумен сөйлесіп жатқанда, Қайрат Нұртас оның шашынан иіскеп, бақытты отбасы екенін көрсетті.
«Шамамыз жеткенше, қолдан келгенше бірге дамуға, шығармашылықты өз саламыз бойынша тоқтаусыз шыңдауға тырысып жүрміз. Қолдан келгенше бір-бірімізге қолдау көрсетіп, тіреу болуға уәделескенбіз. Ал сіздерге сабыр!», – деп жазды актриса.
Бұған дейін Азамат Сатыбалдымен фотоға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жолы осылайша өзінің жары Қайрат Нұртаспен видеоға түсті.
Ал оның алдында Қайрат Нұртастың жары дау тудырған фотоларға қатысты пікір білдіріп, оқырмандарына жауап берген болатын.