Health

Аптап ыстықта кімдерге күнге шығуға болмайды

Ыстық күндері кімдерге күн сәулесі қауіпті / Фото: Shutterstock

Жаз мезгілі келгенде көпшілік күн астында демалып, таза ауада көбірек уақыт өткізуге тырысады. Алайда аптап ыстық пен ұзақ уақыт күн сәулесінің астында болу барлығына бірдей пайдалы емес. Кейбір созылмалы аурулар ыстық ауа райында асқынып, түрлі жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Әсіресе қант диабеті бар адамдарға күн астында ұзақ уақыт болудан сақ болған жөн.

Қандай аурулар кезінде күн астында жүруге болмайды

Мамандардың айтуынша, теріде пигментация, іріңді немесе жұқпалы қабыну үдерістері, сондай-ақ түрлі жаңа түзілістер болған жағдайда күнге қыздырынудан бас тартқан дұрыс. Мұндай белгілер байқалса, дерматолог маманға қаралып, тиісті ем алған жөн.

Сонымен қатар қант диабеті, варикоздың кеңеюі және қан айналымы бұзылған адамдарға күн астында ұзақ болуға болмайды. Сарапшылар гипертония, туберкулез, қалқанша безі аурулары, онкологиялық дерттер және күн сәулесіне аллергиясы бар адамдарға да күнге қыздырынудан сақ болуға кеңес береді.

Созылмалы ауруы бар адамдарға ескерту

Кез келген созылмалы ауруы бар адамдар да абай болғаны жөн. Өйткені күн астында ұзақ уақыт болу кейбір дерттердің, соның ішінде демікпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, гипертония және басқа да сырқаттардың асқынуына әкелуі мүмкін. Жүкті әйелдер де күн астында жүргенде ерекше сақ болғаны жөн.

Медицина мамандары мұндай жағдайда күнге қыздырынуды шектеу қажеттігін бірнеше себеппен түсіндіреді. Біріншіден, күн сәулесі – ультракүлгін сәуле. Оның әсері өте қауіпті болуы мүмкін, тіпті жасушалардың өзгеруіне әкелу қаупі бар. Екіншіден, ғалымдар күнге жиі күю мен қатерлі ісікке шалдығу қаупінің арасында байланыс бар екенін айтады.

Күннен қорғанудың қарапайым жолдары

Ал күнге қыздырынуға қарсы көрсетілімі жоқ адамдарға күн астында демалуға болады, бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Атап айтқанда, тері түріне сәйкес күннен қорғайтын крем қолданған маңызды. Мамандар SPF-қорғанысы бар құралдар терінің күюіне кедергі келтірмейтінін айтады. Керісінше, олар ағзаға зиян келтірмей, күн астында ұзақ уақыт болуға мүмкіндік береді. Мұндай кремдерді сыртқа шығардан шамамен 20 минут бұрын жағу керек.

Айта кетейік, бұған дейін аптап ыстықты жеңіл өткеруге көмектесетін 10 тиімді тәсіл туралы жазған едік. Сондай-ақ қалада, табиғатта және таулы аймақтарда серуендегенде қандай SPF-қорғаныш құралын таңдаған дұрыс екеніне тоқталған болатынбыз.