Алматыдағы 6 автобус маршрутын өзгертеді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
В Астане убирают автобусные карманы
фото:Kursiv Media архиві

Алматыда Ақан сері көшесінің Сейфуллин даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты 6 автобус қозғалыс бағытын өзгертеді деп ескертеді Көлік холдингі.

15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №30, №73, №96, №102, №135 және №138 бағыттар уақытша төмендегі кесте бойынша қатынайды:

№30 бағыт

  • Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай «Алматы-1» теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін барады.
  • Кері бағытта: «Алматы-1» теміржол вокзалынан шығып, Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай үйреншікті бағытымен жалғастырады.

№73 бағыт

№96 бағыт

  • Солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – Шолохов көшесі, әрі қарай сызба бойынша.
  • Кері бағытта: Шолохов көшесі – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі, әрі қарай сызба бойынша.

№102 бағыт

  • Солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай «Алматы-1» теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін барады.
  • Кері бағытта: «Алматы-1» теміржол вокзалынан шығып, Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі, әрі қарай сызба бойынша.

№135 бағыт

№138 бағыт

  • Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі, әрі қарай сызба бойынша.
  • Кері бағытта: өзгеріссіз қалады.

Айта кетейік, қазір қалада LRT құрылысы басталып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Төле би көшесінде автокөліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді.

Сондай-ақ оқыңыз