Алматыда Ақан сері көшесінің Сейфуллин даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты 6 автобус қозғалыс бағытын өзгертеді деп ескертеді Көлік холдингі.
15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №30, №73, №96, №102, №135 және №138 бағыттар уақытша төмендегі кесте бойынша қатынайды:
№30 бағыт
- Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай «Алматы-1» теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін барады.
- Кері бағытта: «Алматы-1» теміржол вокзалынан шығып, Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай үйреншікті бағытымен жалғастырады.
№73 бағыт

№96 бағыт
- Солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – Шолохов көшесі, әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: Шолохов көшесі – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі, әрі қарай сызба бойынша.
№102 бағыт
- Солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай «Алматы-1» теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін барады.
- Кері бағытта: «Алматы-1» теміржол вокзалынан шығып, Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі, әрі қарай сызба бойынша.
№135 бағыт

№138 бағыт
- Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі, әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: өзгеріссіз қалады.
Айта кетейік, қазір қалада LRT құрылысы басталып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Төле би көшесінде автокөліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді.