Ерлан Нығматулиннің серіктесі қаржы орталығында қос компанияны тіркеді

Кәсіпкер Ерлан Нығматулиннің (Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бауыры) серіктесі Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) екі жаңа компанияны тіркелді. Бұл туралы экономист Арман Батаев жазады.
Олар – кипрлік «Imperiyumcy Holdings Limited» компаниясы құрған «YDD Holding Ltd.» мен швейцариялық Asterium Holding AG-ға тиесілі «AFA Holding Ltd.» компаниясы.
«Imperiyumcy Holdings Limited» компаниясы Қарағандыда ферросилиций шығаратын «YDD Corporation» ЖШС зауытын Нығматулинмен бірге теңдей иелік етеді. Vlast сайтының мәліметінше, бұл кипрлік компания үлесінің 84%-ы Давид Кемертелидзеге, ал қалған 16%-ы Швейцария азаматы Ольга Симаковаға тиесілі.
Өз кезегінде «Asterium Holding AG» компаниясы Екібастұзда ферросилиций зауыты жобасын жүзеге асырып жатқан «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС-ның, сондай-ақ Қарағандыда кокс, құю өнімдері мен ферроқорытпа өндірумен айналысатын «Asia FerroAlloys» ЖШС-ның тең құрылтайшысы саналады.
Бұған дейін Екібастұз әкімдігі Нығматулинге тиесілі зауыттан миллондаған теңге өндіріп алуға ниетті екенін хабарлаған.