Қытайдан Чехияға дейін: Қазақстанның басты 30 сауда серіктесі (инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қазақстанның ең ірі 30 сауда серіктестері / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылдың қаңтар–мамырында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 56,35 млрд долларға жетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,3% көп.

Экспорт 1,6% өсіп, 30,36 млрд долларды құрады. Импорт бұдан әлдеқайда жылдам — 7,7% өсіп, 25,99 млрд долларға жетті. Соған қарамастан сауда балансы оң күйде қалып, экспорт импорттан 4,37 млрд долларға жоғары болды.

Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері

2026 жылғы қаңтар–мамырдағы сауда айналымы, млн АҚШ доллары

Мемлекет
Сауда көлемі
Млн АҚШ доллары
1
Қытай туы Қытай
13 513,06
2
Ресей туы Ресей
10 887,09
3
Италия туы Италия
5 548,68
4
Түркия туы Түркия
2 873,64
5
Өзбекстан туы Өзбекстан
2 313,54
6
Франция туы Франция
2 048,88
7
Нидерланд туы Нидерланд
2 023,83
8
Германия туы Германия
1 905,77
9
АҚШ туы Америка Құрама Штаттары
1 279,23
10
Қырғызстан туы Қырғызстан
1 025,17
11
Ұлыбритания туы Ұлыбритания
945,15
12
Оңтүстік Корея туы Оңтүстік Корея
927,41
13
Грекия туы Грекия
883,91
14
Испания туы Испания
777,59
15
Румыния туы Румыния
660,46
16
Жапония туы Жапония
652,80
17
Тәжікстан туы Тәжікстан
614,97
18
Швейцария туы Швейцария
536,38
19
Беларусь туы Беларусь
514,55
20
Польша туы Польша
500,62
21
Сингапур туы Сингапур
494,00
22
Ауғанстан туы Ауғанстан
428,40
23
Вьетнам туы Вьетнам
366,41
24
Египет туы Египет
329,94
25
Үндістан туы Үндістан
246,89
26
Марокко туы Марокко
243,01
27
Бельгия туы Бельгия
226,30
28
Түркіменстан туы Түркіменстан
214,67
29
Гонконг туы Гонконг
211,06
30
Чехия туы Чехия
194,56
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы. 2026 жылғы қаңтар–мамырдағы алдын ала деректер. Көрсеткіштер екі таңбаға дейін дөңгелектелген.
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Әр төртінші доллар Қытайға тиесілі

Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі – Қытай. Екі ел арасындағы айналым 13,51 млрд долларды немесе Қазақстанның бүкіл сыртқы саудасының шамамен 24%-ын құрады.

Екінші орында Ресей тұр — 10,89 млрд доллар. Қытай мен Ресейдің жиынтық үлесі 43,3%-ға жетті.

Яғни Қазақстанның сыртқы саудасындағы әр он доллардың төртеуінен астамы осы екі елге тиесілі.

Сауданың жартысы көршілермен жасалады

Қазақстан Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанмен шектеседі. Осы бес елмен сауда көлемі 27,95 млрд долларға жетті.

Бұл жалпы сыртқы сауданың 49,6%-ы. Басқаша айтқанда, Қазақстан сыртқы саудасының тең жартысына жуығын көрші мемлекеттермен жасайды.

Өзбекстан 2,31 млрд доллар көрсеткішпен бесінші орынға шықты. Қырғызстанмен сауда 1,03 млрд доллар, Түркіменстанмен 214,7 млн доллар болды.

Еуропада Италия көш бастап тұр

Италия Қазақстанның үшінші ірі сауда серіктесі болды. Екі ел арасындағы айналым 5,55 млрд долларға жетті.

Одан кейін Франция – 2,05 млрд доллар, Нидерланд – 2,02 млрд доллар және Германия – 1,91 млрд доллармен тұр.

Ұлыбритания, Грекия, Испания, Румыния, Швейцария, Польша, Бельгия және Чехия да топ-30 тізіміне енді.

Еуропаға Қазақстан негізінен мұнай, металл және басқа шикізат экспорттайды. Кері бағытта техника, өндірістік жабдық, дәрі-дәрмек және дайын өнімдер келеді.

Азияда Қытайдан кейін Түркия тұр

Түркиямен сауда көлемі 2,87 млрд долларды құрап, ел жалпы рейтингте төртінші орын алды.

Оңтүстік Кореямен айналым 927,4 млн доллар, Жапониямен 652,8 млн доллар болды. Сингапур, Вьетнам және Үндістан да Қазақстанның негізгі азиялық серіктестерінің қатарына кірді.

АҚШ 1,28 млрд доллар көрсеткішпен тоғызыншы орында тұр. Африка елдері арасынан топ-30-ға Египет пен Марокко енді.

Бес елге сауданың 62%-ы тиесілі

Қытай, Ресей, Италия, Түркия және Өзбекстанмен жасалған сауданың жалпы көлемі 35,14 млрд доллар болды.

Бұл Қазақстанның бүкіл сыртқы сауда айналымының 62,4%-ына тең. Ал алғашқы үш елдің өзіне 53%-дан астам үлес тиесілі.

Сыртқы сауда көлемі өскенімен, импорт экспорттан жылдамырақ артып отыр. Сонымен қатар сауданың басым бөлігі санаулы елге шоғырланған. Бұл Қазақстан үшін жаңа экспорт нарықтарын іздеу мәселесі әлі де өзекті екенін көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан шетелден келетін 39 азық-түліктің импортына шектеу енгізуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз