Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Ораз Жандосов жаңа қызметке тағайындалды / Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Экономист, Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов жаңа қызметке тағайындалды. Ол ForteBank директорлар кеңесі құрамына кіріп, тәуелсіз директор атанды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ораз Әлиұлының жаңа қызметке тағайындалуына келісім берген.

Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкерінің арасында 43-орында тұрған Жандосов әр жылдары Ұлттық банкті, Қаржы министрлігін, KEGOC ұлттық компаниясын басқарған. Оған қоса президенттің көмекшісі, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Банктің 91,1% акциясына Forbes Kazakhstan рейтингіндегі алпауыт кәсіпкер Болат Өтемұратов иелік етеді, қалғаны еркін айналымда. Былтыр ол «Home Credit Bank-ті» сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыз