Lifestyle

Айгүл Иманбаева күйеуінен жырақтап, неліктен шетелде тұрып жатқанын түсіндірді

instagram.com/aigul_imanbayeva, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
instagram.com/aigul_imanbayeva, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Күйеуінен жырақ шетелде тұрып жатқан Айгүл Иманбаева отбасылық қарым-қатынасы туралы айтты.

Актриса мен оның жары екеуі екі бөлек, екі елде тұрып жатқаны оқырмандарын қатты алаңдатқан. «Жұбайыңыз екеуіңіз екі елде тұрып жатырсыздар, қашықтық аластатпай ма?» деген сауал қойған.

Айгүл Иманбаеваның пікірінше, қашықтық шынайы сезімге кедергі емес. Оның сөзінше, оның қазіргі жағдайы – уақытша кезең ғана. «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияда оқып жатыр. Ел алдындағы міндеті бар.

«Махаббат үшін қашықтық кедергі емес. Кейде бір бөлмеде отырып-ақ, жаны жат болып кететін адамдар болады. Араны мыңдаған шақырымдар бөліп тұрса да, демі мен үні жаныңнан табылатын адам болады. Қашықтық бізді алыстатпайды. Өйткені, бұл екі жүректің бірін-бірі шын түсініп, қалағандығының белгісі», – деп жауап берді актриса.

Мұның алдында Айгүл Иманбаеваға жасалатын ота кейінге қалдырылғаны туралы белгілі болды.