Бес айда 80 рет жол ережесін бұзған астаналық 15 тәулікке қамалды

2025 жылғы наурыз-маусым айларында 80 мәрте жол ережесін бұзған азамат сот алдында жауап берді. Астана тұрғынының ісі «ұсақ бұзақылық» бабы аясында қаралды. Сот үкім шығарды.
Астана соттары мәліметінше, Ж. есімді азамат бес айда жолда жүру қағидаларын бұзғаны, оның ішінде белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 80-нен астам рет әкімшілік жауапқа тартылған. Мәселен, бір мәрте оның көлікті сағатына 151 шақырымға дейінгі жылдамдықпен басқарғаны анықталған.
«Осы әрекеттерімен жолдағылар қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіріп, қоғамға және жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық қағидаларына анық құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған», – деп есептейді сот.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Ол айыппұлдардың бәрін төлегенін де айтты.
Сот Ж.-ны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін жол ережесін жиі бұзғандарды көлік жүргізуші құқығынан айыратын жүйе енгізілетіні айтылған.