Иран Кувейт пен Иорданиядағы АҚШ базаларына соққы жасағанын мәлімдеді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Иран соққы жасағанын мәлімдеді / фото: AP

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс Парсы шығанағындағы басқа мемлекеттерге де таралып жатыр. Тегеран америкалық әскерилер орналасқан Кувейт пен Иорданиядағы нысандарға зымыран мен дрон жібергенін мәлімдеді.

Бұл шабуыл АҚШ-тың Иран аумағына жасаған жаңа әуе соққыларына жауап ретінде ұйымдастырылған. АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, операция Иранның Ормұз бұғазындағы коммерциялық кемелерге қауіп төндіретін әскери мүмкіндіктерін әлсіретуге бағытталған. Бұл туралы Reuters мәлімдеді.

Кувейт билігі төрт зымыран мен 21 дронды әуе қорғаныс жүйелерімен ұстап қалғанын хабарлады. Ал Иордания әскері ел аумағына бағытталған сегіз ирандық зымыранды атып түсіргенін мәлімдеді. Иранның америкалық базаларға зақым келтіргені туралы мәлімдемелері әзірге тәуелсіз дереккөздер арқылы толық расталған жоқ.

Қақтығыстың жайылуы Ормұз бұғазы арқылы өтетін мұнай тасымалына қауіп төндіреді. АҚШ пен Иран соққыларын жалғастырса, өңірдегі әскери жағдай ғана емес, мұнай бағасы мен жаһандық тасымал нарығы да құбылуы мүмкін.

Brent мұнай бағасы онлайн

Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.

Мұнай бағасы

Баға төртінші күн қатарынан өсіп отыр. Нарыққа АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың күшеюі және Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы бұзылуы мүмкін деген қауіп әсер етіп жатыр. Кеше Brent $84,95, ал WTI $79,60 деңгейінде жабылған

Сондай-ақ оқыңыз