Орташа жалақы 445 мың теңгеден асты

Қазақстанда жалақы көлемі өңірге қарай қатты өзгереді. Бір жерде орташа айлық 600 мың теңгеден асса, кей облыстарда 300 мың теңгенің айналасында қалып отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы дерек осы айырмашылықты анық көрсетеді.
Ең жоғары жалақы Ұлытауда
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жоғары орташа айлық жалақы Ұлытау облысында тіркелді. Мұнда қызметкерлер айына орта есеппен 637,3 мың теңге алады. Ал Республика бойынша орташа жалақы көлемі – 445 068 теңгені құрады.
Одан кейін Атырау облысы тұр – 610,1 мың теңге. Маңғыстау облысында орташа жалақы 608,4 мың теңгеге жеткен.
Астана мен Алматы қалаларында да көрсеткіш жоғары. Елордада орташа айлық – 559,9 мың теңге, Алматыда – 551,6 мың теңге.
Бұл өңірлерде мұнай-газ, тау-кен өндірісі, қаржы және ірі бизнес жақсы дамыған. Сондықтан жалақы да басқа аймақтарға қарағанда жоғары.
Кей өңірлерде жалақы 300 мың теңгенің айналасында
Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда орташа айлық жалақы 308,3 мың теңге болды.
Жамбыл облысында қызметкерлер орта есеппен 319,8 мың теңге алады. Түркістан облысында – 325 мың теңге, Шымкентте – 328,6 мың теңге, Жетісу облысында – 332,8 мың теңге.
Жалпы Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы 445,1 мың теңгені құрады.
Яғни ең жоғары және ең төмен жалақы төленетін өңірлердің арасындағы айырмашылық екі еседен асады.
Тағы да оқыңыз: Халық табысының өсімі елдегі қымбатшылықтан аса алмай жатыр.