Ресей 40 тонна қауынды Қазақстанға қайтарды
Жарияланды

Ресейдің Челябинск облысындағы «Бугристое» шекара бекетінде белгі салынбаған қауындарды өткізу әрекеті тіркелді. Шамамен 40 тонна өнім Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы Россельхознадзор федералдық мекемесі хабарлады.
Мекеме мәліметінше, Қазақстаннан Ресейге әрқайсына 20 тонна қауын тиелген екі жүк көлігі өтуге талпынған. Тауарды Екатеринбург және Пермь қалаларындағы базаларға жеткізбек болған.
Тексеру барысында қауындардың көбіне белгі қойылмағаны анықталған. Жүк тасушылардың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Бұл уақытта Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып, 20 тонна шабдалы тегін таратылды.