Семей орманы өртеніп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский
shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Абай облысында «Семей орманы» орман алқабын жалын шарпыды. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТЖМ ақпаратына қарағанда, Абай облысының Бородулиха ауданында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы аумағында орман алқабы өртенді.  

«Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және ҰҚК авиациясы жұмылдырылды. Өртпен күресу үшін тартылған тікұшақтар өрт ошақтарына жалпы көлемі 15 тонна су төкті», – делінген хабарламада.

Бұл тілсіз жауды оқшаулауға мүмкіндік бермек. ТЖМ жедел штабы барлық жұмылдырылған қызметтің іс-қимылын үйлестірген. Өртті өшіру жұмыстары жасалып жатыр.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «DosBolLike» балалар лагерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері алдын ала эвакуацияланды. Семей қаласына барлығы 220 адам жеткізілді. Оның ішінде 190 бала мен лагерьдің 30 қызметкері бар.

Айта кететін жайт, бүгін Ақмола облысындағы Байқоныс, Бестөбе, Изобильное, Бөгенбай, Сілеті ауылдары мен Степногорск қаласының маңында дала өртенді.

Сондай-ақ оқыңыз