Тікұшақтар Семейде өртеніп жатқан орманға 100 тоннадан астам су төкті

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы ірі орман өртін сөндіру үшін авиация қазірдің өзінде 100 тоннадан астам су төкті. Өртті ауыздықтау жұмыстары ауадан да, жерден де жалғасып жатыр. Өртті жеті тікұшақ сөндіруде.
Экология министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Жеті тікұшақ жалпы көлемі 100 тоннадан асатын су төгу жұмыстарын орындады.
ТЖМ күштер тобының 600 адамға, 148 бірлік жерүсті техникасына және жеті тікұшаққа дейін ұлғайтылғанын хабарлады. Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК және жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері тартылды.
Ауылға төнген қауіп сейілді ТЖМ ақпараты бойынша, барлық қызметтің бірлескен жұмысының арқасында жақын маңдағы елді мекенді аман алып қалу мүмкін болды.
«Барлық тартылған қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында Камышенка ауылына төнген қауіп сейілді. Өртті оқшаулау және жою жұмыстары жалғасуда, авиациялық және жерүсті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.
Үкіметте өртті жою жөніндегі штаб жұмысы премьер-министрдің жеке бақылауында екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Абай облысына ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аттанды. Олар өртті жою жұмыстарын оқиға орнында үйлестіруде.