Зеленский Украинаның жаңа үкімет басшысы кім болатынын шешті

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Сергея Кореций / фото: x.com/ZelenskyyUa

Украина президенті Владимир Зеленский Жоғары Радаға жаңа премьер-министрді ұсынды. Оның шешімімен, министрлер кабинетін Сергей Корецкий басқаруы керек. Бұл туралы украиналық парламент спикері Руслан Стефанчук мәлімдеді.

Бастапқыда аталған лауазымға төрт үміткер болған. Олардың қатарында Украина энергетика министрі Денис Шмыгаль, қорғаныс министрі Михаил Федоров, Харьков қаласының мэрі Игорь Терехов және Сергей Корецкий бар. Корецкий бұған дейін «Нафтогаз» басқарма төрағасы болды.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, кеңесулерден кейін премьер-министр лауазымына ең лайықтысы Сергей Корецкий деп шешкен.

Жоғарғы Рада жаңа үкімет басшысын бекітуге және министрлер кабинетінің жаңа құрамына 16 шілдеде дауыс береді. Іс жүзінде үкіметтің толық құрамы белгілі. Ең маңызды өзгеріс – қорғаныс министрі Михаил Федоровтың қызметінен шеттетілуі. Бұл ведомствоны бұған дейін Ішкі істер министрі лауазымын атқарған Игорь Клименко басқаруы мүмкін.

Еске салайық, 14 шілдеде Украина Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкасын қолдап, министрлер кабинетін таратты. Свириденко Украина Премьер-министрі қызметіне 2025 жылғы 17 шілдеде тағайындалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз