Бибісара Асаубаева және ел құрамасы FIDE сыйлығына ұсынылды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Шахматшы Бибісара Асаубаева чемпион атағынан үміткерлер турнирінде
Бибісара Асаубаева үздік атануға әбден лайық / фото: Michal Walusza/FIDE

Әйгілі шахматшы Бибісара Асаубаева, Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы, сонымен бірге Қазақстан шахмат федерациясы FIDE Excellence Awards сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. Марапат екі жылда бір мәрте тапсырылады.

Бибісара жетістіктері

Әлемнің үш дүркін чемпионы (блиц) Бибісара Асаубаева «Үздік шахматшы (Әйелдер)» атағына таласады. Осы атаққа тағы тоғыз шахматшы таласады. Олар: Дивья Дешмук, Александра Горячкина, Конеру Хампи, Лей Тинцзе, Анна Музычук, Тан Чжунъи, Вайшали Рамешбабу, Цзюй Вэньцзюнь және Чжу Цзиньэр.

Үздік он шахматшы әйел. Бибісара Асаубаева
FIDE сыйлығынан үміткер он шахматшы әйел / фото: excellence.fide.com

Бұл ретте оның 2024 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі жетістіктері есепке алынады. Асаубаеваның осы уақытта жеткен жетістіктері жетерлік:

Оның үстіне Бибісараның қазір FIDE Women’s Circuit 2026–2027 жалпы есебінде көш бастап тұрғанын да айта кеткен жөн. Осының бәрін ескерсек, Асаубаева халықаралық шахмат федерациясының екі жылда бір рет берілетін арнайы сыйлығына әбден лайық.

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров
Чемпион атағына үміткерлер турнирінің қос жұлдызы / фото: FIDE

Шахматшы жігіттер

Ал Бибісараның ең жақын досы – өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаров екі түрлі сыйлыққа үміткерлер қатарына енді. Ол «Үздік шахматшы (Ерлер)» және «Жылдың жаңа есімі» атақтарына таласады. Үздік атануға тағы тоғыз жігіт таласады: Нодирбек Абдусатторов, Фабиано Каруана, Магнус Карлсен, Арджун Эригайси, Әлиреза Фирузджа, Аниш Гири, Гукеш Доммараджу, Винсент Кеймер және Рамешбабу Прагнанандха.

Үздік он шахматшы жігіт
Үздік шахматшы атағына таласатын он жігіт / фото: excellence.fide.com

Айта кетейік, Синдаров биыл чемпион атағына үміткерлер турнирінде топ жарған. Енді ол әлем чемпионы атану үшін Гукешпен сайысқа түседі. Бұған қоса, Жавохир 2025 жылғы ФИДЕ Әлем Кубогын жеңіп алған.

Құрама және федерация

FIDE жариялаған тізімде Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы мен Қазақстан шахмат федерациясы да бар. Олар «үздік команда» және «үздік федерация» сыйлықтарына таласады.

FIDE Excellence Awards жеңімпаздарын шахмат әлемінің сарапшыларынан құралған комиссия дауыс беру арқылы анықтайды. Сыйлық 2026 жылғы қыркүйекте Самарқанд қаласында өтетін Олимпиада барысында тапсырылады.

Тақырыпқа орай: Танымал шахматшы Динара Сәдуақасова тоғыз жастағы дарынды балаға 1,2 млн теңге көлемінде шәкіртақы тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыз