BYD концерні 1194 ат күшіне ие Denza Z9S көлігін ресми таныстырды

BYD компаниясының премиум бренді Denza жаңа Denza Z9S электр седанының алғашқы ресми суреттерін жариялады.
Сarnewschina ақпаратына қарағанда, модель үш электрқозғалтқышты нұсқада 1194 ат күшіне дейін қуатқа ие. Бір қуаттаумен 920 шақырымға дейін жүре алады.
Z9-дан қысқа, бірақ қуатты
Denza Z9S ұзындығы – 5090 мм, ал доңғалақ базасы – 3025 мм. Бұл оны қазіргі Denza Z9 моделінен 145 мм қысқа және 100 мм-ге ықшам етеді.
Компания жаңа модельді «технологиялық люкс интеллектуалды седан» ретінде сипаттайды. Автомобиль ресми суреттерде жаңа Dawn Purple күлгін түсті шанақпен көрсетілді.
Қандай нұсқалар ұсынылады?
Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі (MIIT) жариялаған деректерге сәйкес, Z9S кемінде үш түрлі конфигурацияда ұсынылған.
Біріншісі, бір моторлы. Базалық қуаты – 320 кВт. 920 шақырымды бағындырады.
Екіншісі де бір моторлы. Базалық қуаты – 370 кВт. Бұл да алдыңғысындай толық қуаттаумен 920 шақырым жол жүре алады.
Үшіншісі ерекшелеу. Үш моторы бар. 890 кВт базалық қуатқа ие. Барлық бір моторлы нұсқаларда 102,3 кВт·сағ сыйымдылықтағы аккумулятор орнатылған. Үш моторлы нұсқа қуаты жоғары болғанымен, оның жүріс қоры 780 км болады.
250 км/сағ жылдамдық
MIIT құжаттарында Z9S моделінің ең жоғары жылдамдығы 250 км/сағ екені көрсетілген. Бұл оның тек ұзақ қашықтыққа емес, жоғары өнімділікке де бағытталғанын аңғартады.
Сарапшылардың пікірінше, сериялық нұсқа Blade екінші буындағы батареямен және God’s Eye B жүргізушіге көмек жүйесімен жабдықталуы мүмкін.
Қазіргі таңда Denza Z9S-тің нақты бағасы мен сатылымға шығу күні жарияланған жоқ.
Айта кететін жайт, Қазақстанда BYD Yuan Up DM-i гибрид кроссовері сатылымға шығады.