Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды
Жарияланды

Тағы бір облыс әкімі қызметтен алынды. Бұл жолы президент өз жарлығымен Дастан Рыспековті Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.
Оның жұмыстан алыну себебі айтылмады. Ұлытау облысына әкім болып кім баратыны кейінірек жарияланады.
Рысбеков осы облысқа басшы болып 2024 жылғы 9 қазанда барған.
Естеріңізге сала кетейік, президент 17 шілдеде таңертең Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновті қызметінен алып, оның орына 55 жастағы 55 жастағы Болат Ақшолақовты тағайындаған.