Қазақстан сиыр етін қайда экспорттайды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Сиыр етін экспорттау көлемі 60 млн долларға жуықтады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстан 7,99 мың тонна салқындатылған сиыр етін экспорттап, одан 56,7 млн доллар табыс тапқан.

Экспорт құрылымына қарасақ, Қазақстанның бұл өнімді сататын негізгі нарығы – Өзбекстан. TradeReport мәліметінше елден жөнелтілген өнімнің шамамен 91%-ы осы мемлекетке тиесілі. Бұл Қазақстанның салқындатылған сиыр еті экспорты көрші Орталық Азия нарығына қатты тәуелді екенін көрсетеді.

Қазақстан салқындатылған сиыр етін қай елдерге экспорттайды?

2026 жылғы қаңтар–мамыр
$56,7 млн
Жалпы экспорт — 7,99 мың тонна
Ел
Экспорт көлемі
Тонна
1 Өзбекстан
$51,7 млн
7 263 т
2 Тәжікстан
$4,9 млн
717 т
3 БАӘ
$0,16 млн
9 т
Негізгі нәтиже: Қазақстанның салқындатылған сиыр еті экспортының шамамен 91%-ы Өзбекстанға бағытталған.
Дереккөз: TradeReport, ҚР Ұлттық статистика бюросы
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Екінші орында Тәжікстан тұр. Бұл елге 4,9 млн доллардың немесе 717 тонна өнім экспортталған. Ал Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) небәрі 160 мың долларлық (9 тонна) өнім жөнелтілген. Яғни, қазіргі таңда экспорт географиясы өте тар, негізгі жеткізілімдер көрші елдерге бағытталған.

Экспорттаушы өңірлер

Қазақстан ішіндегі өңірлерге келсек, абсолютті көшбасшы – Түркістан облысы. Өңір бес айда 41,8 млн доллардың (5 866 тонна) өнімін экспорттап, республикадағы жалпы экспорттың 73,6%-ын қамтамасыз еткен.

Екінші орында Қостанай облысы10,5 млн доллар (1 460 тонна), ал үшінші орында Батыс Қазақстан облысы4,3 млн доллар (654 тонна).

Қалған өңірлердің үлесі өте аз. Абай облысы небәрі 120 мың доллар, ал Ақмола облысы 40 мың доллар көлемінде экспорт жасаған.

Салқындатылған сиыр етін экспорттайтын өңірлер

2026 жылғы қаңтар–мамыр
Өңір
Экспорт
Тонна
1 Түркістан облысы
$41,8 млн
5 866 т
2 Қостанай облысы
$10,5 млн
1 460 т
3 Батыс Қазақстан облысы
$4,3 млн
654 т
4 Абай облысы
$0,12 млн
6 т
5 Ақмола облысы
$0,04 млн
3 т

Жалпы алғанда, салқындатылған сиыр еті экспорты әрі ел, әрі өңір бойынша жоғары деңгейде шоғырланған. Бір жағынан экспорттың басым бөлігі Өзбекстанға тәуелді болса, екінші жағынан негізгі жеткізуші ретінде Түркістан облысы айқын көш бастап тұр.

Сондай-ақ оқыңыз